Көше (қаладағы, аудандағы, ауылдағы) атауын өзгерту үшін аудан/қала әкімдіктері жанындағы тіл саясаты жөніндегі жауапты бөлімге немесе Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына (Павлодар қ. Ак.Марғұлан көшесі,115) жүгіну қажет.
Қажетті құжаттар:
- көшеге аты берілетін тұлғаның еңбек жолы мен жетістіктері көрсетілген өмірбаяны;
- жетістіктерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
- мұрағаттық құжаттардың көшірмелері.
Келіп түскен өтініш негізінде халықтың пікірін ескеру үшін азаматтардың көпшілік тыңдаулары/жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізіледі.
Егер қала көшесінің атауы өзггертетін болса-көпшілік тыңдауды қалалық мәслихат өткізеді.
Ауылдың немесе ауыл көшесінің атауын өзгерту мәселесі бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысын жергілікті атқарушы органдар ауылдардың, ауылдық округтердің, кенттердің әкімдерімен бірлесіп өткізеді.
Көпшшілік тыңдаулар мен жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізу туралы хабарландыру күнтізбелік 30 күн бұрын жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жарияланады.
Хабарландыруда көпшілік тыңдаулардың/жергілікті қоғамдастық жиналысының өтетін орны мен уақыты көрсетіледі. Кез келген адам осы жиналысқа қатысып, өз пікірін білдіре алады.
Көпшілік тыңдаулар/жергілікті қоғамдастық жиналыстар өткізілгеннен кейін, оның хаттамасы 7 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жарияланады.
Бұдан әрі қайта атау объектісінің құжаттары тиісті ономастика комиссияның қарауына жіберіледі.
Ономастика комиссияның оң қорытындысы болған кезде объектіні қайта атау туралы Нормативтік құқықтық акт шығарылады.