Архивтік анықтаманы беру мемлекеттік көрестілетін қызмет болып табылады.
Архивтік анықтаманы алу үшін тиісті архивке өтініш беру арқылы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, не «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүгіну қажет(ЭЦҚ көмегімен).
Сұрауда толық мекеме атауын, еңбек ету мерзімін және лауазымын көрсету қажет.
Архивтік анықтама 11 (он бір) жұмыс күні ішінде тегін беріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін екі және одан да көп ұйымдардың және (немесе) 5 (бес) жылдан астам кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайда, жауапты орындаушы қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің 25 (жиырма бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылғандығы туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
- әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәліметтерді растау жөніндегі архивтік анықтама, архивтік құжаттың көшірмесі немесе архивтік үзінді,
- көрсетілетін қызметті берушіде сұратылған құжаттардың (мәліметтердің) мемлекеттік сақтауда жоқтығы, сұрау салуды тиесілігі бойынша басқа мемлекеттік немесе ведомстволық архивке жіберу туралы жауаптар не қағаз/электрондық түрдегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Архивте сұратылған (еңбек өтілін растау үшін) мәліметтер болмаған жағдайда өтініш беруші сотқа жүгіне алады.