Жоғары технологиялық медициналық көмек алу кезінде жолақыны өтеу жоғары технологиялық медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша комиссия шешімінің негізінде жүргізіледі.
Ол үшін, Павлодар қ., Астана көшесі, 59 мекенжайы бойынша орналасқан Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасына келесі құжаттармен жүгіну қажет:
- ауруханаға жатқызу бюро порталы арқылы емделуге жолдама;
- Астана, Алматы және т.б. қалалардың емханаларынан шыққан эпикриз (көшірме);
- баланың туу туралы куәлігі (көшірме);
- жол жүру қажеттілігі туралы ДКК хаттамасынан үзінді көшірме;
- жеке куәлік;
- Халық банкі немесе Қазпошта филиалдарында 20 таңбалы шот туралы хабарлама;
- билеттер мен отырғызу талондары.
Қаражат ұсынылған шотқа екі айдың ішінде есептеледі.
Өтініш беруші ақпаратты келесі телефондар бойынша алады: 32-00-52, 32-00-45.