Ең алдымен, өткен жылы енгізілген «Онлайн бюджетік мониторинг» модулі алдын алу шарасы ретінде тиімді жұмыс істеп келеді. Бұл жүйе арқылы Комитет бюджет қаражатының жымқыру тәуекелдерін болдырмау мақсатында жұмыс жүргізеді, осылайша балалар мен педагогикалық құрамның мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Жүйе дамудың өз кезеңінде білім беру саласындағы күмәнді операцияларды анықтауға мүмкіндік береді. Ең жиі кездесетін алаяқтық схемалар — бұл жалақының екі еселеніп есептелуі және жалған қызметкерлерге ақша аудару, мұнда құжаттар бойынша жалақы бірнеше адамға есептелсе де, шоттарды басқалар пайдаланады.
Мониторинг нәтижесінде білім беру ұйымдарында жалақы түрінде заңсыз төлемдер жасауға жоғары тәуекелі бар мыңнан астам жағдай анықталды, 1,5 миллиард теңге көлемінде заң бұзушылықтар расталды.
Осы мәселеге байланысты Комитет пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арасында толық өзара әрекеттестік орнатылып, бұл құралдың алдын алу қызметі бойынша түсіністік қалыптастырылды, сондай-ақ мониторинг нәтижесінде анықталған негізсіз төлемдерді жою үшін 10 жұмыс күні беріледі.
Осы жылы біз модульді мәдениет, спорт және денсаулық сақтау салаларына да енгізуді жоспарлап отырмыз. Жүйенің даму барысында оның нәтижелері туралы қоғаммен бөлісуді жалғастырамыз.