Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру ережелерінің 589 және 590-шы тармақтарына сәйкес, тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, біріккен ұйымдастырушының, сараптамалық комиссияның (сарапшының) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым веб-портал арқылы тапсырыс берушіге, ұйымдастырушыға немесе біріккен ұйымдастырушыға, мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша тиісті хаттаманы қабылдаған тұлғаға жіберіледі.
Шағымды қарауды тапсырыс беруші, ұйымдастырушы немесе біріккен ұйымдастырушының шағымдарды қарауға жауапты құрылымдық бөлімшесі немесе лауазымды тұлғасы жүзеге асырады, бұл ретте шағымда көрсетілген талаптар (дәлелдер) шегінде қаралады.
Ереженің 599-шы тармағына сәйкес, егер шағым 588-ші тармақта көрсетілген мерзімдерден кейін ұсынылса, ол қаралмайды.
Осылайша, шағымдар тікелей сатып алу ұйымдастырушы тарапынан қаралатын болады, бұл туындайтын мәселелерді жедел шешуге және рәсімдердің созылуына жол бермеуге мүмкіндік береді. Шағымдарды қарау мерзімі үш жұмыс күніне дейін қысқартылды.