Білім беру саласындағы жалақы бойынша Онлайн бюджет мониторингі қолданысқа енгізілген уақыттан бастап қандай нәтижелер көрсетті?

    ·
    Сұрақ

    Білім беру саласындағы жалақы бойынша Онлайн бюджет мониторингі қолданысқа енгізілген уақыттан бастап қандай нәтижелер көрсетті?

    Жауап

    Республика бойынша Онлайн бюджет мониторингі (ОБМ) модулі 2024 жылғы қаңтар айынан бастап енгізілді. Аталған кезеңнен бастап қазіргі уақытқа дейін жалпы сомасы 2 125,8 млн теңгеге жеке тұлғалардың шоттарына негізсіз аударымдар анықталды. Оның ішінде 1 170,7 млн теңге бюджет кірісіне ерікті түрде қайтарылды. Қалған сомаларды өтеу бағытында жұмыс жалғасуда.

    Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ОБМ жүйесі 2024 жылғы қазан айынан бастап қолданыла бастады. Анықталған бұзушылықтар көлемі 7,1 млн теңгені құрап, бұл сома толықтай мемлекеттік бюджетке қайтарылды.

    2025 жылғы наурыз айынан бастап, Онлайн бюджет мониторингі тек білім беру саласын ғана емес, сонымен қатар денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және спорт салаларын да қамти бастады.

    Жүйе миллиондаған транзакцияларды талдай отырып, нақты уақыт режимінде күдік тудыратын төлемдер мен алаяқтық схемаларды анықтауға мүмкіндік береді. Қысқа уақыт ішінде жарты миллиард теңгеге жуық қаржының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді, оның ішінде жалған төлемдер мен шектен тыс артық есептелген төлемдер де бар.

    ОБМ жүйесімен жұмыс жүргізетін аудиторлар саны үш есеге арттырылды, бұл жүйенің тиімділігін айтарлықтай күшейтті.

    Сонымен қатар, мониторинг нысандарына анықталған тәуекелдер туралы автоматты түрде хабарлау механизмі іске қосылды. Бұл өз кезегінде жедел әрекет етуді қамтамасыз етті.

    Осы орайда, алдын алу шаралары жүйелі түрде бұзушылықтарға жол беретін тұлғаларға қолданылмайды. Мұндай жағдайларда директивалық әрекет ету шаралары қабылданатын болады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Тапсырыс берушілердің конкурс құжаттамасындағы негізсіз талаптар бойынша әлеуетті өнім берушілердің камералдық бақылау жүргізу мерзімі өткеннен кейін берген шағымдары қаралуға жата ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген камералдық бақылау жүргізу қағидаларының 17 тармағына сәйкес конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау мынадай бағыттар бойынша: 1) бірінші бағыт: конкурс (а...

    ·
    Сұрақ

    Әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат ұсынған факті анықталған жағдайда ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган қандай шаралар қолданады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (әрі қарай-Заң) 3-бабы 1)-тармақшасына сәйкес, анық емес ақпарат – біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша әлеуетті өнім берушінің және (немесе) тартылатын қосалқы м...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік сатып алулар бойынша бұзылған шарттың мәртебесін веб-порталда қалпына келтіру мүмкін бе?

    Жауап

    Мемлекеттік сатып алу туралы веб-порталында бұзылған шарттың мәртебесін қалпына келтіру мүмкіндігіне қатысты келесіні түсіндіреміз. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 3-бабы 21-тармағына сәйкес, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт – уәкілетті орган бек...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік сатып алу саласындағы камералдық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті органның шешіміне қалай шағымдануға болады?

    Жауап

    Уәкілетті орган ведомствосының және (немесе) аумақтық бөлімшесінің шешімімен келіспеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші бұл шешімге Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына 6-қосымшада көзделген нысан бойынша қарсылық білдіруге немесе қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен со...

    ·
    Сұрақ

    Қаржылық тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда аудит объектісінің қарсылығын қайда және қандай мерзімде беру қажет?

    Жауап

    Аудит нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 58-2-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік аудит объектісінің қарсылығы қол қойылған аудиторлық есеп және (немесе) қаржылық есептілік бой...

    ·
    Сұрақ

    Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне қатысты шағымдарды қарай ма?

    Жауап

    Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 589, 590 және 599 тармақтарына сәйкес тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым мемлекеттік сатып алу қорытындылары тур...

    ·
    Сұрақ

    Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аудиторлық іс-шараларды жүргізу үшін сарапшыларды тартуға құқығы бар ма, оларды тартудың мақсаты қандай және олардың қызметтері кімнің есебінен төленеді?

    Жауап

    Государственный орган және оның аумақтық бөлімшелері өз өкілеттіктері шегінде, өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында, Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының59-тармағына сәйкес, тиісті сарапшыларды мемлекеттік аудит тобының құрамына енгізу арқылы тартады....

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша тапсырыс берушілердің әрекеттеріне қатысты (жеткізілген тауар, көрсетілген қызмет немесе орындалған жұмыс үшін уақытында төлем жасалмауы; жеткізілген тауарды қабылдаудан бас тарту және т.б.) түскен шағымдар жағдайында ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган қандай шаралар қабылдайды?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (әрі қарай-Заң) 3-бабы 21) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – шарт) – уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, та...

    ·