Мемлекеттік сатып алу туралы веб-порталында бұзылған шарттың мәртебесін қалпына келтіру мүмкіндігіне қатысты келесіні түсіндіреміз. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 3-бабы 21-тармағына сәйкес, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт – уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт болып табылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 401-бабының 1-тармағына сәйкес, келісімшартты өзгерту және бұзу тараптардың келісімімен жүзеге асырылады, егер Кодексте, басқа заңнамалық актілер мен шарттарда өзгеше көзделмесе.
Ал 403-баптың 1-тармағына сәйкес, келісімшартты бұзу кезінде тараптардың міндеттемелері тоқтатылады.
Осыған байланысты, тараптардың міндеттемелері бұзылған келісімшартпен тоқтатылғандықтан, мемлекеттік сатып алулар веб-порталында келісімшартты қалпына келтірудің мүмкіндігі жоқ.