Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алулардың қорытындылары шығарылғанға дейін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 6-бабы 10-тармағында көзделген жағдайларда оларды жүзеге асыоудан бас тартуға құқылы. Атап айтқанда:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет немесе бюджеттік жобаны нақтылау кезінде, мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарына енгізілген тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге арналған шығындарын қысқарту;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттілігін болдырмайтын Тапсырыс берушінің стратегиялық жоспарына, бюджетіне немесе жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу.
Егер тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттілігін көздейтін өзгерістер енгізілген жағдайда, бөлінген бюджетті не осы мақсаттар үшін бөлінген қаражатты басқа тапсырыс берушілерге қайта бөлуге немесе жылдық жоспарды өзгертуге, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға жол берілмейді.
Осылайша, тапсырыс беруші Заңның талаптарына сәйкес көрсетілген негіздер бойынша сатып алудан бас тарта алады.