Қазақстан қандай халықаралық шарттарға қатысады?

    Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

    Сұрақ

    Қазақстан қандай халықаралық шарттарға қатысады?

    Жауап

    Қазақстан БҰҰ-ның негізгі адам құқықтары жөніндегі сегіз халықаралық шарттарына қатысушы болып табылады:

    1. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт (АСПҚХП) және оған қосымша Факультативтік хаттамалар.
    2. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт (ЭСМҚХП).
    3. Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция (НКК).
    4. Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция (ӘКК).
    5. Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенция (АЗК).
    6. Бала құқықтары туралы конвенция (БҚК) және оған қосымша Факультативтік хаттамалар.
    7. Мүгедектер құқықтары туралы конвенция (МҚК).
    8. Барлық еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенция.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Неліктен елдің Негізгі заңында өлім жазасын жоюды бекіту маңызды болды?

    Жауап

    Қазіргі әлемде өлім жазасы адамның негізгі құқықтарына қайшы келетін жаза түрі ретінде қарастырылуда. Ол гуманизм мен әділеттілік принциптеріне сәйкес келмейтін қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және адамның қадір-қасиетін төмендететін шара ретінде танылды. Өмір сүру құқығы демок...

    Сұрақ

    Ерлер мен әйелдер арасындағы теңдік нені білдіреді?

    Жауап

    Ерлер мен әйелдер арасындағы теңдік – бұл Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде көзделген барлық азаматтық және саяси құқықтарды, сондай-ақ Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіде көзделген барлық экономикалық, әлеуметтік және м...

    Сұрақ

    Кемсітушілік нені білдіреді, оған тыйым салу немен бекітілген?

    Жауап

    Кемсітушілікке тыйым салу Конституцияның 14-бабында және басқа заңдарда бекітілген заң мен сот алдында барлығының теңдігі қағидасынан туындайды. Бұл негізгі қағида халықаралық құқық нормаларына, атап айтқанда Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 7-бабына және Азаматты...

    Сұрақ

    Ұлттық орталық халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жүргізе ме?

    Жауап

    Иә. Ұлттық орталық адам құқықтарын сақтау мәселелері бойынша өңірлік және халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды.

    Сұрақ

    Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сотқа дейінгі тергеп-тексеру процесіне араласа ала ма?

    Жауап

    Жоқ. «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңға сәйкес Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамдардың қызметіне араласуға жол бермей, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға жә...

    Сұрақ

    1. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сот процесіне араласа ала ма?

    Жауап

    Жоқ. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне араласуға жол бермей, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға жәрдем көрсетеді.

    Сұрақ

    Жалпы байқау қалай өткізіледі?

    Жауап

    Агенттіктің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының лауазымына орналасуға конкурсты өткiзу қағидаларының 2-тармағына сәйкес конкурсты «Б» корпусының бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымы бар мемлекеттік орган өткізеді. Осылайша, ме...

    Сұрақ

    АҚҰО мемлекеттік қызметке кімдер кіре алады?

    Жауап

    Мемлекеттік лауазымдарға тиісті біліктілік талаптарына сай келетін, өзінің жеке және кәсіби қасиеттері, денсаулық жағдайы, білім деңгейі бойынша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті және Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеге...