Кредиторлар банкротқа қоятын талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай мерзімде мәлімдеуге тиіс.
Кредиторлардың талаптарында:
1) талаптың сомасы туралы (негізгі борыштың, сыйақының (мүдденің), тұрақсыздық айыбы және өзге де айыппұл санкцияларының, залалдардың сомасы туралы жеке-жеке) мәліметтер қамтылуға тиіс. Талап сомасы көрсетілген талап мәлімделген күнге айқындалады.
Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсыныла отырып, талаптың негізі мен сомасын растайтын құжаттардың көшірмелері (соттардың заңды күшіне енген шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің борышты мойындауы) талапқа қоса беріледі. Кредиторлар талаптың негізі мен сомасын растайтын өзге де құжаттарды ұсынуға да құқылы.
Өз кезегінде, кредитордың талабы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен өндіріп алуға жатпайтын бөлігінде кредиторлар талаптарының тізіліміне талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі себебінен енгізілмейді («Оңалту және банкроттық туралы» ҚРЗ 90-бабының 3-тармағы).