Банкроттық – борышкердiң сот шешiмiмен танылған, оны тарату үшін негiз болып табылатын дәрменсiздiгi.
Борышкердің орнықты төлем қабілетсіздігі (егер борышкердің міндеттемелері сотқа арыз берген күнге және өтініш берілген жылдың басына оның мүлкінің құнынан асып кетсе) оның өзін банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылады
Заңды күшіне енген сот актісі немесе борышкерден ақшаны өндіріп алу туралы атқарушылық құжат негізінде борышкердің кредитор алдындағы орындалмаған ақшалай міндеттемесі не борышкердің борышын мойындауы кредитордың борышкерді банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, банкроттық рәсімі борышкердің не кредитордың өтініші негізінде сот тәртібімен қолданылады («Оңалту және банкроттық туралы» ҚРЗ 5-бабы).