Төлемдерді қазынашылыққа жіберген кезде шоттарға ақша түсуін ұзақ уақыт күтуге тура келеді. Төлем шоты қандай уақыт аралығында өңделуі керек?
Жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-ге дейін түскен қағаз жеткізгіштегі төлем шоты, төлем шоттарын орындау үшін қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттарында ақша болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларды қоспағанда, аумақтық қазынашылық бөлімшесі оны қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде орындалады не орындалмай қайтарылады.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекемелерден сағат 16.00-ден кейін қағаз жеткізгіште түскен төлем шоттары келесі жұмыс күні қабылданды деп есептеледі.