Қазынашылық қолдау дегеніміз не?
Қазынашылық қолдау (сүйемелдеу) – қолма-қол ақшаны бақылау шоттары арқылы төлемдер жүргізу кезінде құрылыспен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде аванс беруге бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын Бюджет Кодекстің 110-бабына сәйкес ағымдағы бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қызмет. |
ҚР ҚМ 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 171-5 тармағына сәйкес, авансты қамтамасыз етуді енгізу жөніндегі талап қазынашылық қолдау шеңберінде шарттар жасалған өнім берушілерге қолданылмайды. Сондай-ақ, бұл норма ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 539 тармағының 1-тармақшасында белгіленген. |