Қазынашылық қолдау шеңберінде шарттар жасалған өнім берушілерге авансты қамтамасыз етуді енгізу жөніндегі талап қолданыла ма?
ҚР ҚМ 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 171-5 тармағына сәйкес, авансты қамтамасыз етуді енгізу жөніндегі талап қазынашылық қолдау шеңберінде шарттар жасалған өнім берушілерге қолданылмайды.
Сондай-ақ, бұл норма ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 539 тармағының 1-тармақшасында белгіленген.