ІІ санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсаттарды рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет?
Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларын, әсер етуге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысанын және оларды толтыру тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 9 тамыздағы № 319 бұйрығы 2 тарауының 3 параграфына сәйкес «II санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 11-қосымшасында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес рәсімделеді.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық түрдегі ІI санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсат алуға өтініш;
2) белгіленіп отырған қызметке қатысты II санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы;
3) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды немесе қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттілігінің жоқтығы туралы тұжырымды қамтитын, белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг нәтижелері туралы қорытынды;
4) қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауға жатпайтын қызмет түрлері бойынша оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау материалдары;
5) эмиссиялар нормативтерінің жобасы;
6) қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы;
7) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы;
8) әсер етуге экологиялық рұқсаттың қолданылу кезеңіне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы;
9) күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру нормативтерінің жобасы (көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде).