Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

    Басқарма туралы

    «Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз өкілеттіктері шегінде Атырау облысы аумағындағы табиғи ресурстарды мемлекеттік басқару және табиғат пайдалануды реттеу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру функцияларын орындауда басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылау

    Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылау 2026 жылғы 16 маусымда басталатындығын хабарлайды. Ұсыныс пікірлеріңіз болған жағдайды 8 7122 35 45 59 телефонына қоңырау шалуға немесе [email protected] эл.поштасына жолдауға болады.

    9 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Сыбайлас жемқорық тәуекедеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі ХАБАРЛАНДЫРУ

    «Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» №4 үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде Әйтеке би 77 мекенжайында орналасқан Басқарманың қызметіне, ағымдағы жылдың «29» мамыры мен «18» маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды

    15 мамыр 2026 ж.Тікелей
    Әйтеке би 77
    ОтырысАяқталды

    Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге өтінім берушілердің тізімі

    № Өтінішберушініңатауы Кеңтаралған пайдалы қазбаларды өндіру учаскесінің атауы Координаттары Солтүстік ендік Шығыс бойлық 1 «КАРАТ» ЖШС «Кашаган-3» 47 о 18 39,32 52 о 12 05,85 47 о 18 49,03 52 о 12 15,36 47 о 18 37,08 52 о 12 22,70 47 о 18 29,86 52 о 12 21,97 47 о 18 21,64 52 о 12 32,18 47 о 18 13,18 52 о 12 37,37 47 о 18 08,45 52 о 12 45,42 47 о 17 49,52 52 о 12 57,04 47 о 17 37,09 52 о 12 13,27 47 о 17 46,52 52 о 12 17,62 47 о 17 58,47 52 о 12 10,29 47 о 18 03,20 52 о 12 02,23 47 о 18 12,91 52 о 12 01,43 47 о 18 15,49 52 о 12 10,52 47 о 18 26,12 52 о 12 08,79 47 о 18 33,34 52 о 12 09,52 Ауданы- 117,7 га

    13 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    "Атырау облысы шегінде Жайық өзенінің су қорғау аймақтары,белдеулері, олардың шекаралары және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" Атырау облысы әкімінің қаулы жобасы

    Атырау облысы шегінде Жайық өзенінің су қорғау аймақтары,белдеулері, олардың шекараларыжәне оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы Қазақстан РеспубликасыныңСу кодексінің 85,86-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына және «Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу Қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 11 маусымда №36238 болып тіркелді) сәйкес, Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Осы қаулыға 1,2-қосымшаларына сәйкес, Атырау облысы шегіндеЖайық өзенінің су қорғау аймақтары, белдеулері, олардың шекаралары және оларды шаруашылыққа пайдалану режимі бекітілген жобалық құжаттама негізінде белгіленсін. Атырау қаласы, Махамбет, Индер аудандарының әкімдері су қорғау аймақтары мен белдеулері шектеріндегі аумақтарда құрылыс және басқа да арнайы мұқтаждар үшін жер бөлу мен пайдалануды осы қаулының 1 және 2 қосымшаларында белгіленген талаптарға сәйкесжүргізсін. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететінорынбасарына жүктелсін. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Облыс әкімі С. Шәпкенов қаулы жобасы қаз проект постановления рус

    2 ақпан 2026 ж.Тікелей
    Атырау, Айтеке би 77
    ОтырысАяқталды

    Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге өтінім берушілердің тізімі

    № Өтінішберушініңатауы Кеңтаралған пайдалы қазбаларды өндіру учаскесінің атауы Координаттары Солтүстік ендік Шығыс бойлық 1 «АтырауСпецТрансСервис» ЖШС «АСТС» учаске, Атырау облысы, Атырау қаласы маңында 47 о 18 49,89 52 о 03 01,40 47 о 18 49,49 52 о 03 45,14 47 о 18 00,17 52 о 03 44,16 47 о 18 00,57 52 о 03 00,42 Ауданы- 140,0 га

    6 қаңтар 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімде орман пайдалану қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Орман Кодексінің 31 бабының 1 тармағы және 1-1, 1-2 тармақтарына сәйкес мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімде орман пайдалану жұмыстары жүзеге асырылады.

    Сұрақ

    Балыққа аулауға қатысты рұқсат алудың қандай заңдары бар?

    Жауап

    Балық аулауға рұқсат алу Қазақстанда бірнеше негізгі заңнамалық және нормативтік актілермен реттеледі. Төмендегілер маңызды: 1. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы - Бұл заң жануарлар дүниесіне, соның ішінде балықтарға қатысты жалпы ережелерді белгілейді. - Онда рұқсат алу тәртібі, балық аулау мерзімі, шектеулер мен айыппұлдар жазылған. 2. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрықтары - Әр маусымға, өңірге байланысты балық аулау лимиттері мен тәртібі бекітіледі. - Мысалы: көктемгі уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынады. 3. Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заң - Кейбір су айдындарында әуесқой (спорттық) аулау үшін рұқсат міндетті емес. - Ал кәсіпшілік немесе үлкен көлемде аулау үшін міндетті түрде арнайы рұқсат (лицензия) қажет. 4. Электрондық Үкімет арқылы рұқсат алу - "Egov.kz" порталында балық шаруашылығы су айдындарында жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алу қызметі қолжетімді.

    Сұрақ

    Қоғамдық тыңдаулар қалай өткізіледі?

    Жауап

    Қоғамдық тыңдаулар – бұл азаматтардың экология мен тұрақты даму мәселелері бойынша мемлекеттік шешімдерге қатысу мүмкіндігі. Олар ашық жиналыстар немесе онлайн жария талқылаулар түрінде өтеді. Ашық жиналыс түріндегі қоғамдық тыңдаулар келесі жағдайларда өтеді. Жоспарланған іс-әрекет бірнеше өңірге әсер етсе: Әр облыс, қала, аудан немесе ауылда жеке тыңдау өтеді. Егер жоспарланған іс-әрекет елді мекендерге тікелей әсер етпесе, тыңдаулар сол ауданға ең жақын елді мекенде өткізіледі. Жоспарланған іс-әрекеттің бастамашысы қоғамдық тыңдаулар туралы хабарландыруды: - Газетте, телеарнада немесе радиода жариялап, барлық тиісті өңірлерге таратуы керек. - Қоғамдық орындарға (мысалы, халық көп жиналатын жерлерге) іліп қоюы қажет. - Хабарландыруда жоба атауы, тыңдау уақыты мен орны, сондай-ақ ақпараттық жүйеге сілтеме көрсетілуі тиіс. Қосымша рұқсат етілген басқа да тәсілдермен хабар таратуы мүмкін. Қоғамдық тыңдауларды жергілікті әкімдік немесе әкім аппаратының төрағалығымен өткізіледі және сол аумақта ұйымдастырылады. Жиналысты төраға ашып, ережелерді түсіндіреді. Хатшы қатысушылардың дауысымен сайланады.Қатысушылар өз ұсыныстары мен ескертулерін регламентке сай айтады.Барлық пікірлер хаттамаға жазылады. Тақырыпқа қатысы жоқ пікірлер бөлек белгіленеді.Тыңдаулар аяқталған соң, хатшы хаттаманы дайындайды.Екі жұмыс күні ішінде хаттамаға төраға мен хатшы қол қояды. Жария талқылау түріндегі қоғамдық тыңдаулар келесі жағдайларда өтеді. Бастамашы тыңдаулардан кемінде 5 жұмыс күні бұрын қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру жариялайды. Хабарландыру газетте, телеарнада, радиода және халық көп жүретін жерлерде ілінеді. Онда бастамашының аты, жоба атауы, тыңдаудың уақыты, орны және ақпараттық жүйеге сілтеме болуы керек. Ескертпелер мен ұсыныстар тыңдаудың соңғы күні 18:00-ге дейін қабылданады. Тақырыпқа қатысы жоқ пікірлер арнайы белгімен бөлек тіркеледі. Экология органының ұйымы барлық ұсыныстарды бір күн ішінде ақпараттық жүйеге енгізеді. Тыңдау кезінде бастамашы түскен ұсыныстарға жауап береді. Тыңдаудан кейін 2 жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган өкілі хаттаманы рәсімдеп, электронды қолтаңбамен бекітеді.

    Сұрақ

    Жергілікті маңызы бар су айдынын немесе су учаскесін бекітіп беру қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық шаруашылығын жүргізу құқығына ие бола алады. Ол үшін жеке немесе заңды тұлға Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына өтінім береді. Өтінім негізінде инспекция ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына» сәйкес конкурс өткізеді. Конкурстың нәтижесі бойынша су айдыны немесе учаскесі 5 жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге бекітіп береді. ҚР 2004 жылғы 9 шілдедегі №593 Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Заңының 40-бабына сәйкес жеке меншікте немесе жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың уақытша жер пайдалануындағы жер учаскелерiнде толығымен орналасқан аңшылық алқаптар, сондай-ақ жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда олардың өтiнiмi бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешiмiмен конкурс өткiзiлместен соларға бекiтiп берiледi.

    Декларация

    Қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялау бойынша жиынтық деректер 2026 жылғы 9 ай

    12.10.2026ж. Декларация

    Жарияланды:
    Жоспар

    2027 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы

    № Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге) Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме Халықтың нысаналы тобы Күтілетін нәтиже 1. Экологиялық ағарту және насихаттау жұмыстарын жүргізу 10 000,0 Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VIҚР Экология кодексі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 қазандағы №910 «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» қаулысы Атырау облысының тұрғындары, оның ішінде жастар, мектеп оқушылары, білім беру ұйымдарының білім алушылары, тұрғын үй иелері, мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер, еріктілер және экологиялық мәселелерге қызығушылық танытатын азаматтар. Облыс тұрғындарының экологиялық мәдениеті мен қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру; табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және табиғи байлықтарды сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен қамтуды қамтамасыз ету; жастардың Атырау облысының табиғи және мәдени құндылықтарын сақтау жөніндегі білімін арттыру және экологиялық бастамаларға белсенді қатысуын ынталандыру; экологиялық акциялар, ағартушылық іс-шаралар және ақпараттық науқандар өткізу арқылы қоғамда табиғатқа ұқыпты және жауапты көзқарас қалыптастыру. 2. Экологиялық мәдениеті дамытудың «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру 20 000,00 Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VIҚР Экология кодексі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 қазандағы №910 қаулысымен бекітілген «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы және оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары. Атырау облысының тұрғындары, оның ішінде жастар, мектеп оқушылары, білім беру ұйымдарының білім алушылары, тұрғын үй иелері, мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер, еріктілер және экологиялық мәселелерге қызығушылық танытатын азаматтар. Атырау облысы тұрғындарының экологиялық мәдениеті мен қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру; «Таза Қазақстан» қағидаттарын күнделікті өмірде ұстануға ынталандыру; табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, аумақтардың тазалығын сақтау және қалдықтарды дұрыс басқару бойынша халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру; жастар мен тұрғындардың экологиялық акциялар мен қоғамдық бастамаларға қатысу белсенділігін күшейту; Атырау облысының табиғи және мәдени құндылықтарын сақтауға бағытталған тұрақты қоғамдық экологиялық бастамаларды қалыптастыру.

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    "Атырау облысы бойынша жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2026 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы" Атырау облыстық мәслихатының шешім жобасы

    Қазақстан Республикасының Су кодексінің 26-бабына, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 628-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Атырау облысының жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2026 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін. Атырау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Мәслихат төрағасының м.а. Б. Каметов Атырау облысы маслихатының 2026 жылғы «___»_______ № ____ шешіміне қосымша Атырау облысының жер үсті объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2026 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері № Арнаулы су пайдаланудың түрі Өлшем бірлігі Төлем мөлшерлемелері (теңге) 1 Тұрғын үйді пайдалану және коммуналдық қызметтер 1000 текше метр 271,90 2 Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде 1000 текше метр 1 197,59 3 Ауыл шаруашылығы 1000 текше метр 219,28 4 Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары 1000 текше метр 22,27 5 Су көлігі 1000 тонна километр 40,48

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату

    2025 жылы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауыттарын (бұдан әрі – ҚЭК) салу бойынша инвестициялар туралы келісімдер (бұдан әрі – ИТК) жасалды. ИТК аясында аталған қалаларда электр энергиясына 1 кВт/сағ үшін 55 теңге мөлшерінде тариф белгіленді. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату тетігін енгізудің мақсаты – қалдықтарды қайта өңдеу үлесін арттыру, қалдықтарды көму полигондарына түсетін қалдықтар көлемін азайту, қалдықтарды кәдеге жарату саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру және соның нәтижесінде қоршаған ортаға қалдықтардың теріс әсерін төмендету. Бүгінде қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобалары Еуропаның көптеген елдерінде, Корея Республикасында, Қытай Халық Республикасында, Жапонияда және басқа да мемлекеттерде табысты жүзеге асырылуда. Қазақстанда іске асырылатын жобалар Еуропалық Одақтың өнеркәсіптік шығарындылар жөніндегі директивасының талаптарын сақтауды көздейді, бұл атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындыларын барынша азайтуды қамтамасыз етеді. Осыған байланысты қазіргі уақытта облыс орталықтарында әлеуетті инвесторлармен осындай шарттарда тікелей инвестициялар туралы келісімдер жасасу мәселесі қарастырылуда. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасы аумағында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобаларын іске асыруға ниеті мен дайындығы бар мүдделі инвесторлармен өзара іс-қимыл жасауға және олардың бастамаларын жан-жақты пысықтауға дайын екенін білдіреді.

    Жарияланды:
    Декларация

    Қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялау бойынша жиынтық деректер 2026 жылғы 6 ай

    14.07.2026г. Декларация

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары 2026 жыл 6 ай

    Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары 2026 жыл 6 ай ППМ

    Жарияланды: