Әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты алуға қандай құжаттар қажет?
Әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты алуға өтінішке мыналар қоса беріледі: 1) белгіленіп отырған қызметке қатысты – І немесе II санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы; 2) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды не қоршаған ортаға әсер етуге міндетті бағалау жүргізудің қажеттілігі жоқтығы туралы тұжырымды қамтитын, белгіленіп отырған қызметтің әсерлеріне скрининг нәтижелері туралы қорытынды; 3) қоршаған ортаға әсер етуді міндетті бағалауға жатпайтын қызмет түрлері бойынша – оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау материалдары; 4) эмиссиялар нормативтерінің жобасы; 5) қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы; 6) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы; 7) әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттың қолданылу кезеңіне арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы; 8) күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру нормативтерінің жобасы (көмірсутектерді барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде).