Жауап: "Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес құжаттарды ұсыну қажет.Жауап: "Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес құжаттарды ұсыну қажет. "Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес құжаттарды ұсыну қажет.
"Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес-аса көрнекті тұлғаның сіңірген еңбегін және айрықша оқиғаның маңыздылығын, сондай-ақ аса көрнекті тұлғаның тұруын, жұмысын, болуын және мемориалдық тақта орнату болжанатын ғимаратта немесе құрылыста болған айрықша оқиғаны растайтын архивтік және өзге құжаттардың электрондық көшірмелерін;
-мемориалдық тақтаның эскизі;
-қасбеттерінде мемориалдық тақта орнату болжанатын ғимараттың немесе құрылыстың меншік иесінің (иелерінің) немесе өзге де заңды иесінің жазбаша келісімінің электрондық көшірмесін;
-қасбетінде мемориалдық тақтаны орнату қаралған ғимарат немесе құрылыстың республикалық және халықаралық маңыздағы тарих және мәдениет ескерткіші болып табылған жағдайда, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның келісуін ұсыну қажет.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қызметті алушы құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе "электрондық үкіметке" www.egov.kz, www.elisence.kz веб-порталдары арқылы береді.
Сілтеме НҚА: "Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 149 бұйрығы