Жауап: Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттарды алу қызметін БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы көрсетеді. Аталған қызметті алу үшін Жауап: Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттарды алу қызметін БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы көрсетеді. Аталған қызметті алу үшін Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттарды алу қызметін БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы көрсетеді. Аталған қызметті алу үшін порталы арқылы тіркеліп, өтінім беру қажет. Қызмет тегін көрсетіледі. Өтінімді қарау мерзімі -3 жұмыс күні. Өтінім беру үшін өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы(ЭЦҚ) қажет. Қызмет көрсету нәтижесі-жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат немесе дәлелді бас тарту.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығымен бекітілген «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы» ережесіне сәйкес мемлекеттік қызметті жергілікті атқарушы органдар көрсетеді.Аталған қызметті алу үшін порталы арқылы тіркеліп, өтінім беру қажет. Қызмет тегін көрсетіледі. Өтінімді қарау мерзімі -3 жұмыс күні. Өтінім беру үшін өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) қажет.
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат жануарлар дүниесін арнайы пайдаланудың мынадай түрлеріне беріледі:
1)аң аулау;
2) балық аулау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу мақсатында аулау, мелиорациялық аулау, өсімін молайту мақсатында аулау);
3) жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індетті болдырмау мақсатында пайдалану;
4) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалану.
Сілтеме НҚА: "Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығы