Сұрақ: Жұмысынан айырылған жағдай бойынша әлеуметтік төлем кімдер ала алады?
Жауап: Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдары бар азаматтар үміткер бола алады. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдары бар азаматтар үміткер бола алады.Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдары бар азаматтар үміткер бола алады.
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдары бар азаматтар үміткер бола алады. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ұзақтығы 1 айдан 6 айға дейін құрауы мүмкін, төлемнің мөлшері - табыстың орташа айлық мөлшеріне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге құқығы бар адамдар оны тағайындау үшін жүгіне алады:
1)Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына;
2)Адамды жұмыссыз ретінде тіркеу және «бір өтініш» қағидаты бойынша өтініш жасау кезінде тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына;
3)Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде «электрондық үкіметтің» веб-порталына;
4) Жұмыссыз ретінде тіркелген болса Enbek.kz порталында
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем тағайындау үшін ұсыну қажет:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына, мансап орталығына:
-өтініш
-жеке басын куәландыратын құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі
-Enbek.kz порталына, «электрондық үкіметтің» веб-порталына азаматтың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
Сілтеме НҚА:
- Казақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 113 және 114 баптары.
- Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидалары (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 237 бұйрығ)