Жауап: Жұмыс жобасына мемлекеттік сараптама жүргізу қала құрылысы жобалары бойынша, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілердің жобалары бойынша жүргізіледі.Жауап: Жұмыс жобасына мемлекеттік сараптама жүргізу қала құрылысы жобалары бойынша, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілердің жобалары бойынша жүргізіледі. Жұмыс жобасына мемлекеттік сараптама жүргізу қала құрылысы жобалары бойынша, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілердің жобалары бойынша жүргізіледі.
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңының 64-4-бабына сәйкес мемлекеттік монополияға мыналар жатады:
1) барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы;
2) құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама:
- ықтимал қауіпті құрылыс объектілеріне жататын жаңа өндірістік ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ қаржыландыру көздеріне қарамастан жаңа техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер, олардың кешендері, инженерлік және көліктік коммуникациялар салу;
- бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен қаржыландырылатын қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу:
- ықтимал қауіпті;
- техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі;
- жауапкершіліктің бірінші деңгейіне жатқызылған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган әзірлеген үлгілік жобалар.
Сілтеме НҚА: "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы.