Жауап: Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының қызмет саласына сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кіреді.Жауап: Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының қызмет саласына сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кіреді. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының қызмет саласына сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кіреді.
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңының 31-1-бабына сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы:
1) жер учаскесіне тиісті құқықтың, бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының, жобалар сараптамасының оң қорытындысының болуы, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын органдарды құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабардар етуі;
2) хабарламада көрсетілген деректердің дұрыстығы;
3) лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің тиісті түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензияның болуы;
4) орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын Құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкциялары мен жабдықтарының бекітілген жобалау шешімдеріне және мемлекеттік (мемлекетаралық)нормативтерге, оның ішінде ғимараттардың (құрылыстардың) тіреу және қоршау конструкцияларының беріктігін, орнықтылығын, сенімділігін және пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөніндегі сәйкестігіне;
5) мердігердің (бас мердігердің)құрылыс сапасын меншікті өндірістік бақылаудың және қадағалаудың барлық түрлері мен нысандарын (кіру, операциялық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және басқалар) ұйымдастыруы және жүзеге асыруы;
6) атқарушылық құжаттаманы уақтылы және дұрыс ресімдеу;
7) Тапсырыс берушінің (меншік иесінің) объектілерді салу кезінде техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруы және жүзеге асыруы;
8) техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдардың Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауы.
Сілтеме НҚА: "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы.