Меншік иелері бірлестігін (МИБ), қарапайым серіктестікті (ҚС), немесе тікелей бірлесіп басқаруды (ТББ) құру үшін не істеу керек?

    Орал қаласының әкімдігі

    Сұрақ

    Меншік иелері бірлестігін (МИБ), қарапайым серіктестікті (ҚС), немесе тікелей бірлесіп басқаруды (ТББ) құру үшін не істеу керек?

    Жауап

    Меншік иелері бірлестігін (МИБ), қарапайым серіктестікті (ҚС), немесе тікелей бірлесіп басқаруды (ТББ) құру үшін үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы жиналысын өткізу, МИБ, ҚС немесе ТББ құру туралы шешім қабылдау қажет. Тікелей бірлесіп басқаруды құру үшін барлық меншік иелерінің келісімі қажет, бұл жиналыс хаттамасымен расталуы тиіс.
    Жиналыстың қорытындыларын рәсімдеп, МИБ-ті заңды тұлға ретінде тіркеу және тұрғындарды құру туралы хабардар ету керек. ҚС және ТББ заңды тұлға болып табылмайды.
    Қарапайым серіктестікті құру үшін тіркеу талап етілмейді. Қарапайым серіктестік туралы шарт жасасу жеткілікті, онда қатысушылардың мақсаттары, құқықтары мен міндеттері көрсетіледі және шарт барлық тараптармен қол қойылып бекітіледі. Қарапайым серіктестік – бұл бірлескен қызмет туралы келісім және заңды тұлға болып табылмайды


    Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум нысанын басқару, оны ұстауды қаржыландыру және кондоминиум нысанының ортақ мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында басқарудың келесі нысандарының бірін таңдауға міндетті:
    1. мүлікиелерініңбірлестігі;
    2. егерпәтерлердің, тұрғынемесүй-жайлардыңменшікиелерінің саны отызданаспаса, көппәтерлітұрғынүйдіңқарапайымсеріктестігі (қарапайымсеріктестік);
    3. егерпәтерлердің, тұрғынемесүй-жайлардыңменшікиелерінің саны он алтыданаспаса, барлықменшікиелеріментікелейбірлесіпбасқару.
    Меншік иелері бірлестігін (МИБ), қарапайым серіктестікті (ҚС), немесе тікелей бірлесіп басқаруды (ТББ) құру үшін үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы жиналысын өткізу, МИБ, ҚС немесе ТББ құру туралы шешім қабылдау қажет.
    Жиналыстың қорытындыларын рәсімдеп, МИБ-ті заңды тұлға ретінде тіркеу және тұрғындарды құру туралы хабардар ету керек. ҚС және ТББ заңды тұлға болып табылмайды.
    Қарапайым серіктестікті құру үшін тіркеу талап етілмейді. Қарапайым серіктестік туралы шарт жасасу жеткілікті, онда қатысушылардың мақсаттары, құқықтары мен міндеттері көрсетіледі және шарт барлық тараптармен қол қойылып бекітіледі. Қарапайым серіктестік – бұл бірлескен қызмет туралы келісім және заңды тұлға болып табылмайды.
    Тікелей бірлесіп басқаруды құру үшін барлық меншік иелерінің келісімі қажет, бұл жиналыс хаттамасымен расталуы тиіс.
    Пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар иелерінің кемінде 10%-ынан тұратын бастамашыл топ жиналыс өткізу туралы бастама көтереді.
    • Бастамашыл топ жиналыс шақыру туралы хабарламаны үлгілік формаға сәйкес ресімдеп, оны жиналыс күнінен кемінде 10 күн бұрын көпшілікке қолжетімді орындарға орналастырады.
    • Жиналыс меншік иелерінің жартысынан астамы (2/3 дауыс) қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі, және шешімдер дауыс бергендардың жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
    Жиналыста келесі мәселелер қаралады:
    • Жиналысхатшысысайланады;
    • Жиналыстөрағасысайланады;
    • Үйкеңесі 3 жылмерзімгесайланады (1–3 адам);
    • Тексерукомиссиясы (ревизор) сайланады (1–3 адам);
    • Үйдібасқаруформасытаңдалады;
    • ТөрағанемесеСенімдітұлғасайланады;
    • ОСИ Жарғысыбекітіледі;
    • Тариф мөлшерібекітіледі.
    Тексеру комиссиясы қаржылық қызметті бақылау үшін сайланады.
    Тексеру комиссиясының мүшелері (ревизорлар) меншік иелерінің бірлестігі төрағасының, қарапайым серіктестіктің сенімді өкілі немесе үй кеңесінің мүшелерінің отбасылары мүшелері бола алмайды.
    Тексеру комиссиясы (ревизор) үш жыл мерзімге сайланады және кондоминиум нысанын басқару мен ортақ мүлікті ұстау бойынша басқа қызметтерді атқара алмайды.
    Пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста меншік иелерінің арасынан кемінде үш адамнан тұратын үй кеңесін сайлайды.
    Үй кеңесінің мүшелері меншік иелерінің бірлестігі төрағасының отбасы мүшелері, қарапайым серіктестіктің сенімді тұлғасы немесе тексеру комиссиясының (ревизордың) мүшелері бола алмайды.
    Үй кеңесі кондоминиум нысанын басқару және кондоминиум нысанының ортақ мүлкін ұстау мәселелері бойынша пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің мүддесін білдіреді.
    Міндетті құжаттар пакеті — өтініш, жиналыс хаттамасы, ОСИ жарғысы (немесе үлгілік жарғы), мемлекеттік баж алымының төленгені туралы құжат — заңды тұлға ретінде тіркеу үшін ХҚО-ға тапсырылуы керек.
    ОСИ жарғысы мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада рәсімделуі тиіс.
    Мемлекеттік баж алымы — 1 АЕК.
    МИБ-і тіркеу қызметінің көрсетілу мерзімі – 7 жұмыс күніне дейін.
    ХҚО арқылы өтініш берген жағдайда, мерзім – құжаттар қабылданған күнді қоспағанда, 3 жұмыс күні.
    E-gov порталы арқылы өтініш берген жағдайда, мемлекеттік баж алымының төленгені расталған күннен бастап 1 жұмыс күні есептеледі.
    МИБ тіркеуден бас тарту себептері:
    • Өтініштердің дұрыс толтырылмауы;
    • Құжаттардың дұрыс рәсімделмеуі;
    • Құжаттардағы рұқсат етілмеген кез келген түзетулер тіркеуден бас тарту себебі болуы мүмкін;
    • ОСИ құруға меншік иелерінің жеткілікті дауысы жиналмаған жағдайда тіркеу бас тартылады;
    • Таңдалған жиналыс төрағасы меншік иесі болмаса, тіркеу бас тартылады.


    Сілтеме НҚА:


    Тұрғын үй қатынастары туралы

    Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 Заңы.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекеттік рәміздерге қатысты құқық бұзушылықтар туралы қайда хабарлау қажет?

    Жауап

    Мемлекеттік рәміздерге (Ту, Елтаңба) қатысты бұзушылықтар анықталған жағдайда, ең алдымен полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласу қажет. Полиция барлық қажетті материалдарды жинап, тексеру жүргізгеннен кейін істі әрі қарай қарау үшін жергілікті атқарушы органдарға (әкімдікке) жолда...

    Сұрақ

    "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру шарттары қандай?

    Жауап

    Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беруге үміткерлердіт и і с т і ә к і м ұ с ы н а д ы . Ұсынылатын үміткерлер туралы ерекше еңбегі мен марапаттары көрсетілгенөтініш, мінездеме, қызметтік тізбе, ол туралы ұсыныстар тапсырылуы қажет Облыстың (қаланың, ауданның...

    Сұрақ

    «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы" спорттық разрядтары қалай беріледі?

    Жауап

    Құжаттарды қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы және "электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz. арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну мемле...

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің жалдау шарты жалға алушы қайтыс болған жағдайда кімнің атына қайта рәсімделеді?

    Жауап

    Жалға алушы қайтыс болған жағдайда, егер оның отбасы мүшелері (жұбайы, балалары) осы тұрғын үйде тіркеліп, тұрақты бірге тұрған болса, жалдау шарты олардың біреуінің атына қайта рәсімделуі мүмкін. Егер жалға алушы жалғыз тұрған болса немесе отбасы мүшелері бірге тұрмаған болса, т...

    Сұрақ

    Орал каласының коммерциялык ғимараттарының сырткы көрнектерінде мемлекеттік тілде ақпарат көрсетілмеген жағдайда нестеу керек?

    Жауап

    E-otinish порталы арқылы немесе тұрғылықты жердің әкім аппараты канцеляриясына өтініш білдіру қажет. Арыз-шағым түседі: Жеке немесе заңды тұлғалардан мемлекеттік тілде ақпараттың болмауы туралы арыз немесе шағым қабылданады. Бұл шағымды мемлекеттік органдар, азаматтар немесе бас...

    Сұрақ

    Үкіметтік емес ұйымдардың есебін тапсыру мерзімі қандай?

    Жауап

    Мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдар жыл сайын веб-портал арқылы 1 қаңтардан 31 наурызға дейін электрондық түрде ұсынады. Мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдар бекітілген Қағидаларға нысанның барлық кестелерін толтыру арқылы қазақ және орыс тілдерінде ұсынады.Мәліметтерді үкіметтік...

    Сұрақ

    Үйді немесе дүкенді қайта жабдықтау/реконструкциялау/қайта жоспарлауға қалай рұқсат алуға болады?

    Жауап

    Реконструкцияға(қайта жабдықтау/қайта жоспарлау) рұқсат алу үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасына өтініш беріп, құрылыс аяқталғаннан кейін қабылдау актісіне электрондық портал арқылы өтініш беру қажет Құрылыс(реконструкция) жөніндегі жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқық...

    Сұрақ

    Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік тергеп- тексеру жүргізу тәртібі қандай?

    Жауап

    Қызметтік тергеп-тексеру мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тәртіптік теріс қылығының жасалу мән-жайын толық, жан-жақты және объективті түрде анықтау мақсатында ол туралы материалдарды және мәліметтерді жинау мен тексеру қызметтерімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік әкімшілік қызме...