Атаулы әлеуметтік көмекке (ӘЕК) құқылы жандар:
- жиынтық табысы ауданда белгіленген кедейлік шегінен аспайтын отбасылар және жалғыз тұратын адамдар;
-ҚР азаматтары, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдік азаматтығы жоқ адамдар.
Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға (отбасыларға) атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көзделген.
Көмек түрлері:
1.Шартсыз АӘК – жұмыс жасауға мүмкідігі болмаса:
- 1 немесе 2 топ мүгедектігі;
- созылмалы ауыру (2 айдан еңбекке жарамсыз болса);
- 3 жасқа дейін бала күтімі, мүгедектігі бар баламен, қарт адам күтімімен.
2. Шартты АӘК – егер, белсенді жұмыспен қамту шараларына қатысатын отбасында еңбекке қабілетті мүшесі болса (оқу, қоғамдық жұмыс және т.б.).
- Егерде еңбекке қабілетті мүшесінде тұрақты жұмысы болса жұмыспен қамту шараларына қатыспайды.
Кайда жүгінуге болады?
- Тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына;
-Егер орталық болмаса – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне;
-онлайн - egov.kz портал арқылы.
Қажет құжаттар
- Жеке куәлік (паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі және т.б.);
Мерзімі
- өтініш қаралу - 15 жұмыс күн.
-қызмет тегін көрсетіледі.
-төлем жеке банктік шоттарға жүргізіледі.
Бас тартуға негіздер
- Отбасының жиынтық табысы кедейлік шегінен асып кетуі;
- Отбасында еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамту шараларынан бас тартқан жағдайда ;
-Табыс және отбасы құрамы туралы жалған мәлімет ұсыну.
Бас тартқан жағдайда не істеу керек?
-Мансап орталығының маманынан себебін анықтау;
-Қажет кезде жоғарғы өкілетті органға шағымдану (жұмыспен қамту бөліміне, жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасына);
- заңды кеңес алу үшін тегін құқықтық орталыққа жолығу.
Қосымша кеңес алуға қайда жүгінуге болады?
- Call-центр egov.kz: 1414 (тегін);
- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
- Онлайн-чат egov.kz;
- Құқықтық ақпарат порталы: adilet.zan.kz.
Сілтеме НҚА:
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығы.