Тұрғын үйді жекешелендіру қалай жүзеге асырылады?

    Орал қаласының әкімдігі

    Сұрақ

    Тұрғын үйді жекешелендіру қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жекешелендіру үшін өтініш беруші egov.kz порталы немесе өзіңіз мекен жайыңыз бойынша ХҚКО арқылы өтініш беру қажет.


    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жекешелендіру- бұл азаматтың жалға алып отырған мемлекеттік тұрғын үйді жеке меншігіне тегін рәсімдеу процесі. Бұл қызмет тек белгілі бір санаттағы азаматтарға қолжетімді және нақты заңдармен реттеледі.
    Мына азаматтар тұрғын үйді жекешелендіруге құқылы:
    • Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алып отырған азаматтар;
    • Әлеуметтік осал топтарға жататындар (көп балалы отбасылар, мүгедектер, жетім балалар және т.б.);
    • Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекеме қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, судьялар, депутаттар, ғарышкерлер мен үміткерлер.
    Жекешелендіруге өтініш беру үшін отбасының барлық кәмелетке толған мүшелері келісімін беруі қажет.
    Жекешелендіру қызметіне жүгіну тәсілдері:
    • Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы;
    • электрондық үкімет порталы арқылы (ЭЦҚ қажет);
    • Құжаттарды қарау және шешім қабылдау жергілікті атқарушы орган жанындағы тұрғын үй комиссиясы арқылы жүзеге асады.
    Қажетті құжаттар тізімі:
    1. Өтініш (отбасының барлық кәмелетке толған мүшелері қол қояды);
    2. Қажетіне қарай:
    • некеге тұру/бұзу туралы, баланың тууы немесе отбасы мүшесінің қайтыс болуы туралы куәліктер көшірмелері;
    3. Тұрғын үйге жалға алу шарты немесе ордер;
    4. Егер өтініш берушінің отбасына басқа тұлғалар мүшелік етсе- сот шешімінің көшірмесі;
    5. Егер азамат жеңілдікті топқа жатса:
    • тиісті құжат көшірмесі (мысалы, көп балалы отбасы мәртебесі);
    6. Мемлекеттік қызметшілер мен өзге де санаттар үшін:
    • жұмыс орнынан анықтама немесе еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі;
    7. Ғарышкерлер немесе үміткерлеh- мәртебесін растайтын құжат;
    8. №6 нысан- өтініш беруші мен онымен тұратын отбасы мүшелерінің атына ҚР аумағында тұрғын үйдің бар/жоғы туралы әділет органының анықтамасы;
    9. Коммуналдық қызметтер бойынша қарыздың жоқтығы туралы анықтама (жарық, су, газ, жылу, КСК және т.б.).


    Сілтеме НҚА:

    «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары,
    ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 12 тамыздағы №437 бұйрығы
    Тұрғын үй қатынастары туралы

    Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 Заңы.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекеттік рәміздерге қатысты құқық бұзушылықтар туралы қайда хабарлау қажет?

    Жауап

    Мемлекеттік рәміздерге (Ту, Елтаңба) қатысты бұзушылықтар анықталған жағдайда, ең алдымен полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласу қажет. Полиция барлық қажетті материалдарды жинап, тексеру жүргізгеннен кейін істі әрі қарай қарау үшін жергілікті атқарушы органдарға (әкімдікке) жолда...

    Сұрақ

    "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру шарттары қандай?

    Жауап

    Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беруге үміткерлердіт и і с т і ә к і м ұ с ы н а д ы . Ұсынылатын үміткерлер туралы ерекше еңбегі мен марапаттары көрсетілгенөтініш, мінездеме, қызметтік тізбе, ол туралы ұсыныстар тапсырылуы қажет Облыстың (қаланың, ауданның...

    Сұрақ

    «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы" спорттық разрядтары қалай беріледі?

    Жауап

    Құжаттарды қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы және "электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz. арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну мемле...

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің жалдау шарты жалға алушы қайтыс болған жағдайда кімнің атына қайта рәсімделеді?

    Жауап

    Жалға алушы қайтыс болған жағдайда, егер оның отбасы мүшелері (жұбайы, балалары) осы тұрғын үйде тіркеліп, тұрақты бірге тұрған болса, жалдау шарты олардың біреуінің атына қайта рәсімделуі мүмкін. Егер жалға алушы жалғыз тұрған болса немесе отбасы мүшелері бірге тұрмаған болса, т...

    Сұрақ

    Орал каласының коммерциялык ғимараттарының сырткы көрнектерінде мемлекеттік тілде ақпарат көрсетілмеген жағдайда нестеу керек?

    Жауап

    E-otinish порталы арқылы немесе тұрғылықты жердің әкім аппараты канцеляриясына өтініш білдіру қажет. Арыз-шағым түседі: Жеке немесе заңды тұлғалардан мемлекеттік тілде ақпараттың болмауы туралы арыз немесе шағым қабылданады. Бұл шағымды мемлекеттік органдар, азаматтар немесе бас...

    Сұрақ

    Үкіметтік емес ұйымдардың есебін тапсыру мерзімі қандай?

    Жауап

    Мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдар жыл сайын веб-портал арқылы 1 қаңтардан 31 наурызға дейін электрондық түрде ұсынады. Мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдар бекітілген Қағидаларға нысанның барлық кестелерін толтыру арқылы қазақ және орыс тілдерінде ұсынады.Мәліметтерді үкіметтік...

    Сұрақ

    Үйді немесе дүкенді қайта жабдықтау/реконструкциялау/қайта жоспарлауға қалай рұқсат алуға болады?

    Жауап

    Реконструкцияға(қайта жабдықтау/қайта жоспарлау) рұқсат алу үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасына өтініш беріп, құрылыс аяқталғаннан кейін қабылдау актісіне электрондық портал арқылы өтініш беру қажет Құрылыс(реконструкция) жөніндегі жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқық...

    Сұрақ

    Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік тергеп- тексеру жүргізу тәртібі қандай?

    Жауап

    Қызметтік тергеп-тексеру мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тәртіптік теріс қылығының жасалу мән-жайын толық, жан-жақты және объективті түрде анықтау мақсатында ол туралы материалдарды және мәліметтерді жинау мен тексеру қызметтерімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік әкімшілік қызме...