Кепілдік мерзіміне байланысты мердігер жөндейді.
Тапсырыс бойынша салынған жаңа тұрғын үйлер құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін қабылдау актісі негізінде уәкілетті мемлекеттік органның балансына өткізіледі. Объект балансқа берілгеннен кейін мердігер ұйымдар кепілдік мерзімі ішінде анықталған кемшіліктерді жою және жөндеу жұмыстарын жүргізу міндеттемесін өз мойнына алады. Егер тұрғын үй құрылысын жүргізген мердігер құрылыс нормаларын, стандарттарын немесе жобалық-сметалық құжаттаманы бұзса, және бұл жағдайлар қабылдау актісінен кейін белгілі болса, онда сол мердігер анықталған ақауларды өз есебінен жоюға міндетті.
Сілтеме НҚА:
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңының 69 бабы