Сұрақ: Құрылысты салуға қалай рұқсат алуға болады?

    Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Сұрақ: Құрылысты салуға қалай рұқсат алуға болады?

    Жауап

    Жауап: Құрылысқа рұқсат алу үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасына және эскиздік жоба келісуіне өтініш беріп, құрылыс аяқталғаннан кейін қабылдау актісіне өтініш беру қажет.Жауап: Құрылысқа рұқсат алу үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасына және эскиздік жоба келісуіне өтініш беріп, құрылыс аяқталғаннан кейін қабылдау актісіне өтініш беру қажет. Құрылысқа рұқсат алу үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасына және эскиздік жоба келісуіне өтініш беріп, құрылыс аяқталғаннан кейін қабылдау актісіне өтініш беру қажет.


    Құрылыс жөніндегі жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқығы негізінде және келесі кезеңдерде жүзеге асырылады:
    1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу (құрылыс үшін жер учаскесімен бірге бастапқы материалдарды беруден басқа);
    Өтініш беру порталы: gov.ggk.kz
    Әрекет тәртібі:
    ЭЦҚ арқылы gov.ggk.kz порталына кіріңіз.
    Қызметтер тізімінен «Архитектуралық-жоспарлау тапсырмасын (АЖТ) беру» қызметін таңдаңыз.
    Өтінішті толтырыңыз:
    жер учаскесінің кадастрлық нөмірін көрсетіңіз;
    құрылыс мақсаттарын таңдаңыз (тұрғын үй, дүкен және т.б.);
    жерге құқықты растайтын құжаттарды тіркеңіз.
    Өтінішті ЭЦҚ арқылы қол қойып, жіберіңіз.
    Белгіленген мерзім ішінде (10 жұмыс күніне дейін) жеке кабинетіңізден АЖТ құжатын алыңыз.
    2) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісуден өткізу;
    Өтініш беру порталы: gov.ggk.kz
    Әрекет тәртібі:
    Лицензиясы бар жобалаушыдан эскиздік жобаны жасауды тапсырыңыз.
    ЭЦҚ арқылы gov.ggk.kz порталына кіріңіз.
    Қызметтер тізімінен «Эскиздік жобаны келісу» қызметін таңдаңыз.
    Өтінішті толтырыңыз:
    объектіні көрсетіп, эскизді тіркеңіз;
    бұған дейін берілген АЖТ нөмірін көрсетіңіз;
    қажетті құжаттарды қосыңыз (егер сіз меншік иесі болмасаңыз — келісім қоса тіркелуі тиіс).
    Өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойып, жіберіңіз.
    Қарау нәтижесінде (15 жұмыс күніне дейін) белгі қойылған келісу хаттамасын алыңыз.
    3) жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу (бұдан әрі – жобалау) және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан (бұдан әрі – сараптама) өткізу;
    4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;
    5) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.
    Өтініш беру порталы: elicense.kz
    Әрекет тәртібі:
    ЭЦҚ арқылы elicense.kz порталына кіріңіз.
    «Салынған нысанды пайдалануға қабылдау» қызметін табыңыз (аймаққа байланысты атауы сәл өзгеруі мүмкін).
    Өтінішті толтырыңыз:
    нысан туралы мәліметтерді көрсетіңіз;
    техникалық паспорт пен атқарушылық құжаттаманы тіркеңіз;
    қажет болған жағдайда — бақылаушы органдардың қорытындыларын қосыңыз.
    Өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойып, жіберіңіз.
    Нысан талаптарға сай болған жағдайда, қабылдау актісі (пайдалануға енгізу) электронды түрде беріледі.


    Сілтеме НҚА: "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығы

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Сұрақ: Арнайы техникаларды жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізу үшін қайда жолығу керек?

    Жауап

    Жауап: Жыл сайынғы мемлекеттік байқаудан өту туралы мемлекеттік қызмет алу үшін тұрғылықты жері бойынша кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне өтініш беру қажет. Қажетті құжаттар: машинаны тіркеу құжаты (техникалық паспорт).Жауап: Жыл сайынғы мемлекеттік байқаудан өту туралы...

    Сұрақ

    Сұрақ: Агроөнеркәсіп кешендегі жобаларға кредит беру бағдарламасы бойынша қандай жобаларға беріледі және оның шарттары қандай

    Жауап

    Жауап: Бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға береді.Жауап: Бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге...

    Сұрақ

    Сұрақ: Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттарды қалай алуға болады?

    Жауап

    Жауап: Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттарды алу қызметін БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы көрсетеді. Аталған қызметті алу үшін Жауап: Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттарды алу қызметін БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу...

    Сұрақ

    Сұрақ: "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шараларын кімдер ала алады?

    Жауап

    Жауап: Бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы беру, тұрғын үй сатып алуға және қүрылысына бюджеттік кредит беру әлеуметтік қолдау шаралары ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агр...

    Сұрақ

    Сұрақ: Жұмысынан айырылған жағдай бойынша әлеуметтік төлем кімдер ала алады?

    Жауап

    Жауап: Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдары бар азаматтар үміткер бола алады. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әле...

    Сұрақ

    Сұрақ: Дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне байланысты біржолғы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    Жауап: Дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне байланысты азамат 6 ай ішінде біржолғы әлеуметтік көмекке өтініш қалдыра алады. Дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне байланысты азамат 6 ай ішінде біржолғы әлеуметтік...

    Сұрақ

    Сұрақ: Атаулы әлеуметтік көмекке кім құқылы?

    Жауап

    Жауап: Атаулы әлеуметтік көмекке (ӘЕК) құқылы жандар: жиынтық табысы ауданда белгіленген кедейлік шегінен аспайтын отбасылар және жалғыз тұратын адамдар; ҚР азаматтары, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдік азаматтығы жоқ адамдар. Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа айлық та...

    Сұрақ

    Сұрақ: «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша берілетін несие алу қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) %-тен аспайды.Микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғ...