Жауап: Әлеуметтік көмек Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 24 қазандағы № 15-4 "Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешімі негізінде беріледіЖауап: Әлеуметтік көмек Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 24 қазандағы № 15-4 "Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешімі негізінде беріледі Әлеуметтік көмек Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 24 қазандағы № 15-4 "Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешімі негізінде беріледі
Батыс Қазақстан облысында медициналық және фармацевтикалық мамандарға әлеуметтік көмек Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 24 қазандағы № 15-4 "Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешімі негізінде беріледі. Әлеуметтік қолдау мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын Батыс Қазақстан облысының медициналық ұйымдарына жұмысқа қабылданған және денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі – жұмыс беруші) еңбек шартын жасасқан тиісті маман сертификатымен жоғары медициналық білімі бар медицина және фармацевтика қызметкерлеріне сынақ мерзімі (3 ай) өткеннен кейін, ағымдағы жылға бекітілген кадр тапшылығын ескере отырып төленеді.Медициналық және фармацевтикалық қызметкер әлеуметтiк қолдау алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке куәлігінің көшірмесін;
2) білім туралы дипломының көшірмесін (нотариалдық куәландырылған);
3) еңбек кітапшасының көшірмесін (болған жағдайда);
4) мемлекеттік медицина ұйымына жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін;
5) мемлекеттік медицина ұйымымен жасақталған еңбек шарты;
6) 3х4 фото сурет (2 дана);
7) екінші деңгейдегі банктерден дербес шоттың болуы туралы анықтама.
Жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері:
1) Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерлеріне және кенттеріне, аудандық маңызы бар қалаға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір жүз еселенген мөлшерінде;
2) Батыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының алпыс еселенген мөлшерінде.
Ссылка на НПА: "ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексі.
"Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 24 қазандағы № 15-4 шешімі.