Жауап: Ағаштарды кесуге рұқсатты алу үшін egov.kz порталы арқылы өтінім беру қажет.Жауап: Ағаштарды кесуге рұқсатты алу үшін egov.kz порталы арқылы өтінім беру қажет. Ағаштарды кесуге рұқсатты алу үшін egov.kz порталы арқылы өтінім беру қажет.
Ағаштарды кесуге рұқсат келесі жағдайларда талап етіледі: егер ағаштар қоғамдық аумақтарда, құрылыс кезінде, қайта жаңарту немесе абаттандыру жұмыстарын жүргізу барысында кесілуі қажет болса.
Іс-қимыл тәртібі
1. Сіздің жағдайыңыз рұқсатты қажет ететін санатқа кіретінін анықтаңыз.
2. Қажетті құжаттарды Қағидаларға сәйкес дайындаңыз.
3. Өтінішті келесі портал арқылы жіберіңіз:
• egov.kz
4. Рұқсатты алу – 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттар тізімі
Кесу себебіне байланысты (құрылыс, қайта жаңарту, абаттандыру):
• Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы расталған өтініш (Қағидалардағы 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша);
• Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (егер «Жылжымайтын мүлік регистрі» базасында тіркелмеген болса);
• Экологиялық сараптама қорытындысы;
• Жасыл желектерге жүргізілген түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары;
• Өтемдік ағаш отырғызу жоспары;
• Көшеттерді отырғызу мерзімі көрсетілген өтемдік отырғызу туралы кепілхат;
• Өтемдік көгалдандыруды жүзеге асыратын ұйыммен жасалған шарт. Уәкілетті мемлекеттік орган "Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ.
Сілтеме НҚА: "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығы.