Егер мен автокөлікті сенімхат бойынша сатсам, салықтар маған немесе автокөліктің нақты пайдаланушысына есептеле ме?
Сіздің меншік құқығыңыз жасалған екіжақты мәміле және уәкілетті органда тіркелген мәміле негізінде ғана тоқтатылады, автомобильді басқа тәсілдермен (сенімхат бойынша не сақтандыру бойынша) сату меншік құқығын тоқтатпайды. Демек, салықтар уәкілетті органда ресми тіркелген автокөлік иесіне есептеледі. Бұл ретте КО-ны Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес сенімхат бойынша беру мүлікті иеліктен шығару және меншік құқығын беру болып табылмайды, бірақ оны басқаруға немесе меншік иесінің атынан мүдделерін білдіруге құқық береді