Ескіру мерзімі әлдеқашан өтіп кетті, неге мен камералдық бақылау туралы хабарламаларды орындауым керек?
Салық кодексінің 48-бабына сәйкес, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, ескіру мерзімі үш жылды құрайды. Осы уақыт кезеңінде салық төлеуші салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды немесе қайтаруды талап етуге құқылы. Талап қоюдың ескіру мерзімі камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалғанға дейін ұзартылады және талап қою мерзімі бір күнтізбелік жылдан аз уақыттан кейін аяқталатын қосымша салық есептілігі ұсынылған жағдайда бір күнтізбелік жылға ұзартылады.