Мүгедектер көлік салығын төлей ме?
Салық кодексінің 490-бабына сәйкес 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін көлік құралының меншік иесінің ауысуына байланысты тіркеу іс-әрекеттері жүргізілген, қозғалтқыш көлемі 4000 текше сантиметрден асатын жеңіл автомобильден басқа, бір автокөлік құралы бойынша мүгедектігі бар адамдар көлік құралдарына салық төлеушілер болып табылмайды. Құқық туындаған жағдайда жеңілдік осындай құқық пайда болған айдың 1-күнінен бастап қолданылады