Бірінші сыныпқа түсуге өтінімді екі тәсілмен – портал арқылы (электрондық өтініш) және жеке өтініш негізінде беруге болады. Білім беру бөлімдерінің порталы арқылы баланы мектепке қабылдауға мемлекеттік қызметті келесі түрде пайдалануға болады:
- барлық жалпы білім беру мекемелерімен танысу;
- қабылдау үшін квоталар санын білу (қалаулы мектеп тұрғылықты жері бойынша болмаған жағдайда));
- қалаған мектепті таңдау;
- баланы мектепке қабылдау туралы өтініштің электрондық нысанын толтыру;
- өтініш беру туралы хабарлама алу;
- өтінішті тіркеу туралы хабарлама алу.
Осы қызметті білім бөлімдерінің порталы арқылы алу үшін келесі құжаттардың электрондық көшірмелері (фотосурет немесе скан) міндетті түрде болуы қажет:
1) 2008 жылға дейін туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (баланың жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) "баланың денсаулық паспорты "026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген №026/у-3 нысанды денсаулық жағдайы туралы құжаттың 1, 17 және 18 беттерінің көшірмелері (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген);
3) баланың суреті;
4) психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның (ПМПК) қорытындысы, болған жағдайда.
Осы қызметті тікелей мектепте алу үшін және қабылдау кезінде Сізге келесі құжаттардың түпнұсқаларының міндетті түрде болуы қажет:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш.
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқа қажет).
3)" баланың денсаулық паспорты " (026/у-3 нысаны - тереңдетілген медициналық тексеру туралы мәліметтермен, барлық егулердің болуы), дәрігердің қолымен және емдеу мекемесінің мөрімен (А4 форматты мұқабамен).
4) 063/Е нысанды түпнұсқасы (егу нысаны).
5) көлемі 3х4 см фотосурет (2 дана).
Құжаттарды қабылдау 1 маусымнан басталып, ағымдағы жылдың 30 тамызына дейін жалғасады.
Ескерту:мектепке электронды өтініш беру 2020 жылдың 1 маусымында сағат 8: 00-ден бастап қолжетімді болады. Өтінішті электронды түрде берген кезде ата-аналарға құжаттарды оқу орнына тапсыру қажет. Оқу орнына жеке өтініш беру барлық құжаттар пакетімен бірге ата-аналардың мектепте жеке қатысуын талап етеді.