2009 жылдан бері«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендердің ұйымдарында кемінде үш жыл жұмыс істеуге және тұруға міндеттеме қабылдаған денсаулық, білім, әлеуметтік қолдау, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласының және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне:
1) көтерме жәрдемақы 100 АЕК еселенген сомада;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит:
ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін 2 500 АЕК еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;
ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін 2 000 АЕК еселенген мөлшерінен аспайтын сомада әлеуметтiк қолдау шаралары ұсынылады.
Бағдарламаға қатысу үшін өтініш, жеке куәлік, білімі туралы диплом, еңбек кітапшасы, неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік, кредиттік бюродан есеп құжаттарды аудандық экономика және қаржы бөлімдеріне тапсыру қажет.