Индустриялық аймақта жобаларды жүзеге асыратын инвесторларға қандай артықшылықтар беріледі?
Индустриялық аймақтағы инвесторларға келесі артықшылықтар ұсынылады:
-Индустриялық аймақтың жұмыс істеу мерзімі ішінде жер телімін жалға беру және кейіннен сатып алу құқығымен қамтамасыз ету;
-Жобаларды іске асыру үшін қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды индустриялық аймақ аумағында салу;
-Салалық шектеулердің болмауы;
-Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі болып табылатын Уәкілетті органмен инвестициялық келісімшарт жасасу мүмкіндігі;
-Басқарушы компаниялар үшін мүлік салығынан және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемнен 100% босатылу