2022 жылдан бастап туризм саласында мемлекеттік қолдаудың осындай түрлері жұмыс істейді.
1) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу (10%); өтінімдер жыл басынан бастап жыл сайын 1 маусымға дейін қабылданады;
2) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу жөніндегі шығындарының бір бөлігін өтеу (10%); өтінімдер жыл басынан бастап жыл сайын 1 маусымға дейін қабылданады;
3) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізушінің орнын қоспағанда, отыруға арналған сыйымдылығы сегіз орыннан асатын автомобиль көлік құралдарын сатып алу жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу (25%). Өтінімдер жыл басынан бастап жыл сайын 1 маусымға дейін қабылданады;
4) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға жұмсаған шығындарының бір бөлігін субсидиялау (ай сайын 83 300); өтінімдер жыл басынан бастап жыл сайын 1 желтоқсанға дейін қабылданады