Ақтөбе облысында тұрақты жұмысқа қалай орналасуға болады?

    Ақтөбе облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Ақтөбе облысында тұрақты жұмысқа қалай орналасуға болады?

    Жауап

    Сіз www.enbek.kz сайты арқылы республикадағы барлық жарияланған бос жұмыс орындарын, сондай-ақ тұрғылықты жеріңіздегі Мансап орталығын көру мүмкіндігімен тұрақты жұмысқа орналаса аласыз.

    Мансап орталығының қызметкері бос лауазымға үміткерлерді кандидаттың кәсібін (лауазымын), кәсіптік даярлығы мен біліктілік деңгейін, тәжірибесі мен жұмыс дағдыларын, жалақы деңгейін, жұмыс уақытын ескере отырып, сондай-ақ бос жұмыс орнын тіркеу кезінде жұмыс берушілер белгілеген кандидаттарға қойылатын өзге де талаптар мен шарттарға сәйкес іріктейді.

    Жұмыс іздеуші, жұмыссыз немесе өтініш берген басқа тұлға Мансап орталығынан лайықты жұмыс туралы ұсыныстарды алған кезде бір жұмыс күні ішінде қолма-қол немесе ұялы телефон арқылы мансап орталығына ұсынылған қолайлы жұмысқа келісімі немесе бас тартуы туралы үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.

    Үміткерлер жарияланған бос жұмыс орнына жұмысқа орналасуға келісім берген жағдайда және кандидаттар үшін еңбек жағдайлары сақталған жағдайда, мансап орталығының маманы таңдалған кандидаттардың деректерін (резюмелерін) «Еңбек нарығы» ААЖ арқылы бір жұмыс күні ішінде жұмыс берушіге жібереді. Мансап орталығының маманы жұмыс берушіні қызықтырған кандидаттармен әңгімелесу уақыты мен орнын жұмыс берушімен келіседі.

    Мансап орталығының маманы мобильді абоненттік құрылғы арқылы үміткерлерді жұмыс берушімен әңгімелесу уақыты мен орны туралы хабарлайды.

    Жұмыссыз тұлға әңгімелесудің уақыты мен орны туралы мансап орталығы хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жұмыс берушіге жүгінеді.

    Жұмыс беруші кандидатты жұмысқа қабылдауға жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мансап орталығына жазбаша түрде немесе enbek.kz порталы арқылы «жеке кабинеті» арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы хабарлайды.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Аудандық мәдениет үйлерінде, клубтарда белгілі бір әртістің концертін ұйымдастыру үшін не істеу қажет?

    Жауап

    Продюсері немесе өкілі концерт өткізуге рұқсат алу мақсатында облыстық мәдениет басқармасына хат жолдауы тиіс. Хатта концерт бағдарламасы, репертуар, өткізу күні мен уақыты, сондай-ақ жоспарланған маршруттар нақты көрсетілуі қажет. Әншінің репертуары мен орындағалы отырған әндері...

    Сұрақ

    Архивтен анықтаманы қалай алуға болады?

    Жауап

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына не "электрондық...

    Сұрақ

    Ескерткіштерді орнату ұсыныстары

    Жауап

    Монументтік өнер құрылыстарын немесе ескерткіштерді орнату ұсыныстары - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі «Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы» №103 бұйрығы (әрі қарай - бұйрық) негізінде жүзеге асырылады. Ат...

    Сұрақ

    Музей ашу жөнінде

    Жауап

    Музей ашу жұмыстары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Мәдениет ұйымдары желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, селолық деңгейлердегі мемлекеттік мәден...

    Сұрақ

    Кең таралған пайдалы қазбаларды (КТПҚ) өндіруге лицензия алғымыз келеді? Кімге жүгіну керек және қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    КТПҚ өндіруге лицензия Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына (МЖҚҚББ) енгізілген кен орындары бойынша беріледі. Кен орнын МЖҚҚББ-на қосу үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне (ҚР ИИДМ) өтініш беріледі. МЖҚҚББ ҚР ИИДМ сайтында орналастырылған. Кен о...

    Сұрақ

    Алтын өндіру үшін кен іздеушілік жұмыстарына рұқсат алуға болатынын естідік. Оларға қалай рұқсат алуға болады?

    Жауап

    кен іздеушілік жұмыстары құм мен топырақты жуу жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ өзге де байланысты жұмыстарды қоса алғанда, қолмен немесе механикаландыру құралдарын және қуаты аз өзге де жабдықтарды қолдана отырып жүзеге асырылатын, шашыранды кен орындарында және техногендік сипат...

    Сұрақ

    «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағында қандай жеңілдіктер мен преференциялар қарастырылған?

    Жауап

    АЭА режимі шеңберінде әлеуетті инвесторлар үшін мынадай жеңілдіктер мен преференциялар көзделген: Корпоративтік табыс салығынан босату; АЭА аумағына өткізілетін тауарларға «0» ҚҚС ставкасы; Жер және мүлік салығынан, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақыдан босату; (инвестициял...

    Сұрақ

    Индустриялық аймақта жобаларды жүзеге асыратын инвесторларға қандай артықшылықтар беріледі?

    Жауап

    Индустриялық аймақтағы инвесторларға келесі артықшылықтар ұсынылады: -Индустриялық аймақтың жұмыс істеу мерзімі ішінде жер телімін жалға беру және кейіннен сатып алу құқығымен қамтамасыз ету; -Жобаларды іске асыру үшін қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды индустриялы...