Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 "Уақытша еңбекке жарамсыздықты тексеру және уақытша еңбекке жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру ережелерін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы емдеуге жатқызылған жағдайда - ауруханаға жатқызылған күнінен бастап, амбулаториялық жағдайда - тіркелген жері бойынша (басқа қаладан келген адам - емдеу орны бойынша) амбулаториялық көмек көрсететін медициналық ұйымда, жарақат бөліміне және жедел жәрдем қызметіне қабылданған күні көрсетілген медициналық ұйымдарға тіркелгенін растайтын анықтамалар негізінде беріледі. Басқа қаладан келген адам, көрсеткіштер болған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парағын алуға құқығы бар.