Ауруханаға жатқызу қалай жүзеге асырылады?

    ·
    Сұрақ

    Ауруханаға жатқызу қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында тұрғындарды ауруханаға жатқызу Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерімен реттеледі және пациенттің жағдайы мен медициналық көрсеткіштеріне байланысты жоспарлы немесе шұғыл түрде жүзеге асырылады.

    1. Жоспарлы жатқызу

    Жоспарлы жатқызу – стационарлық емдеуге көрсетілімдер болған жағдайда дәрігердің жолдамасы бойынша жүргізіледі.

    Негізгі кезеңдері:

    1.1. Жолдама алу

    Науқас алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) дәрігеріне немесе бейінді маманға жүгінеді.

    Дәрігер науқастың жағдайын бағалап, ауруханалық емнің қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.

    Жатқызуға жолдама рәсімделеді және ол Госпитализация бюросының Порталында (бұдан әрі – Портал) тіркеледі.

    1.2. Жолдаманы тіркеу және жатқызу күнін анықтау

    Денсаулық сақтау ұйымының жауапты маманы жоспарлы жатқызуға жолдаманы Порталда тіркеп, науқасқа талон береді.

    Аурухана мамандары күн сайын жолдама алған науқастар тізімін қарап, бос төсек-орындар туралы мәліметтерді қалыптастырып, жолдама тіркелген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде жоспарлы жатқызу күнін белгілейді.

    Науқасқа жатқызу күні және белгіленген уақытта келу қажеттілігі туралы хабар беріледі.

    1.3. Жатқызуға дайындық

    Науқас алдын ала тексеруден өтуі тиіс, оған мыналар кіреді:

    • Қан мен зәрдің клиникалық талдауы;
    • Биохимиялық зерттеулер (көрсетілімдер бойынша);
    • ЭКГ;
    • Флюорография (немесе кеуде қуысының рентгені);
    • АИТВ, сифилис, В және С гепатиттеріне тестілер;
    • Аурудың бейініне байланысты басқа зерттеулер.

    Зерттеу нәтижелері жатқызуға дейін ауруханаға беріледі немесе пациентнауқас өзімен бірге алып келеді.

    1.4. Ауруханаға түсу

    Белгіленген күні науқас ауруханаға жолдамамен, жеке куәлікпен, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) полисімен (болған жағдайда) және зерттеу нәтижелерімен келеді.

    Қабылдау бөлімінде дәрігер қарап шығып, қажетті медициналық құжаттарды рәсімдейді, содан кейін науқас бейінді бөлімге жіберіледі.

    1. Жедел жатқызу

    Жедел жатқызу өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, жедел медициналық көмекті талап ететін жағдайларда жүргізіледі.

    2.1. Жатқызу жолдары

    Жедел жатқызу келесі жолдармен жүзеге асырылады:

    • Жедел жәрдем қызметі арқылы – ауыр жағдайдағы науқасты (инфаркт, инсульт, жарақаттар, жедел хирургиялық аурулар және т.б.) жедел жәрдем бригадасы алып келеді.
    • Өздігінен жүгіну – науқас жағдайы күрт нашарлаған кезде өздігінен аурухананың қабылдау бөліміне келеді.

    2.2. Медициналық персоналдың әрекеттері

    Қабылдау бөлімінде кезекші дәрігер шұғыл тексеру жүргізеді.

    Науқастың жағдайының ауырлығы бағаланады.

    Қажет болған жағдайда диагностика (талдаулар, рентген, КТ, УДЗ, ЭКГ және т.б.) жүргізіледі.

    Ауруханалық ем қажеттілігі расталған жағдайда, науқас бейінді бөлімге жатқызылады.

    2.3. Құжаттарды рәсімдеу

    Жедел госпитализация кезінде құжаттарды рәсімдеу науқастың жағдайы тұрақталғанға дейін кейінге қалдырылуы мүмкін.

    Қажетті құжаттар (жеке куәлік, МӘМС полисі) емдеу барысында науқастың өзі немесе туыстары арқылы беріледі.

    1. Жатқызу кезіндегі науқастың құқықтары

    Науқас келесі құқықтарға ие:

    • Кепілдік берілген тегін медициналық көмек (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында жоспарлы госпитализация үшін медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы;
    • Болашақ ем, қауіп-қатер және болжам туралы толық ақпарат алу;
    • Емдеуден немесе жекелеген медициналық араласулардан салдарын түсіне отырып бас тарту құқығы;
    • Медициналық ақпараттың құпиялылығы және дәрігерлік құпияның сақталуы.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Әйел жүктілігі бойынша қандай мерзімде тіркелуі керек

    Жауап

    "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 81-бабына сәйкес жүкті әйелдер жүктіліктің он екі аптасына дейін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет...

    ·
    Сұрақ

    Басқа қаладан келген адамдарға емханадан уақытша еңбекке жарамсыздық парағын ашу тәртібі?

    Жауап

    Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы емдеуге жатқызылған жағдайда - ауруханаға жатқызылған күнінен бастап, амбулаториялық жағдайда - тіркелген жері бойынша (басқа қаладан келген адам - емдеу орны бойынша) амбулаториялық көмек көрсететін медициналық ұйымда, жарақат бөліміне және жед...

    ·
    Сұрақ

    Алматы облысында тұратын, алайда Алматы қаласында тіркелген азамат, тұрғылықты жері бойынша емханаға қалай тіркеле алады?

    Жауап

    Егер адам Алматы қаласында тіркелген болса, алайда Алматы облысында тұрса, онда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 677 "Халықты тіркеу ережелерін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес тұрғылықты жері өзгерген кезде, жаңа тұрғылықты жеріне келген к...

    ·
    Сұрақ

    Қазақстан Республикасында тіркелмеген және Қазақстан ұлттық дәрілік формулярына енгізілмеген дәрілік заттар мен тіркелмеген медициналық бұйымдарды нақты пациенттің өмірлік көрсеткіштері бойынша медициналық көмек көрсету не сирек (орфандық) аурулары және (немесе) жай-күйі бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсету үшін қолданудың тәртібі қандай?

    Жауап

    Орфандық аурулары бар науқастар жергілікті бюджет қаражаты және «Қазақстан халқына» қоры арқылы қамтамасыз етіледі. Мұндай жағдайлар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № ҚР ДСМ142 Бұйрығы аясында бекітілген «Республикада тіркелмеген дәрі-дәрмектер мен...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру бойынша іс-шаралар қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Медициналық ұйымдарда жарақтандыруды жоспарлау Қажетті медициналық жабдықтармен жарақтандыру үшін медициналық техникаға қажеттілік өтінімін қалыптастырады Денсаулық сақтау басқармасына бекітілгеннен кейін денсаулық сақтау басқармасы мен денсаулық сақтау министрлігі Бірыңғай дистр...

    ·
    Сұрақ

    Емханада тегін берілуі тиіс дәрі-дәрмектер болмаған жағдайда оларды қалай алуға болады?

    Жауап

    Емханада Сізге тиесілі дәрі-дәрмектер болмаса, келесі әрекеттерді жасауға кеңес береміз: Дәріхана пунктінің меңгерушісіне немесе медициналық ұйым басшылығына дәрігердің тағайындауы бойынша дәрі-дәрмектерді беру туралы жазбаша өтінішпен жүгініңіз. Медициналық ұйым дәрінің жоқ болу...

    ·
    Сұрақ

    Тегін дәрілік заттарды қалай алуға болады?

    Жауап

    Тегін дәрі-дәрмектерді алу үшін пациент өзінің тұрғылықты жері бойынша емханада диспансерлік есепке тұруы қажет. Дәрі-дәрмек алу тәртібі:Дәрігердің тағайындауы бойынша рецепт беріледі және рецепт бойынша тегін дәрі-дәрмектер беріледі. Рецепт алу тәртібі: Емханадағы өзіңіздің учас...

    ·
    Сұрақ

    Тегін дәрі-дәрмектермен аурудың қандай түрлерімен ауыратын науқастар қамтамасыз етіледі ?

    Жауап

    Қазақстан Республикасында белгілі бір аурулары бар азаматтар кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін (немесе жеңілдікпен) дәрілік заттарды алуға құқылы. Диспансерлік есепте тұрған пациенттер келе...

    ·