Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін сізге келесі қадамдарды орындау қажет:
1. ЖШС немесе ЖК ашып,мемлекеттік сатып алу веб порталында тіркеу рәсімін өту.
2. Электрондық цифрлық қолтаңба алу (ЭЦҚ):
Бұл мемлекеттік сатып алу порталында жұмыс үшін қажет. ЭЦҚ-ны ҚР Ұлттық куәландыру орталығынан алуға болады (pki.gov.kz).
3. Мемлекеттік сатып алу порталында тіркелу:
Ресми сайт: goszakup.gov.kz. Порталда ықтимал жеткізуші ретінде тіркелу қажет.
4. Керекті құжаттарды дайындау:
- Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
- Салық берешегінің жоқ екені туралы анықтама
- Лицензия (қажет жағдайда)
- Банк кепілдігі (егерде талап етілсе)
5. Тендерді таңдап, біліктілік талаптармен танысу.
6. Өтінім беру:
Электрондық нысандағы өтінімді толтырып, керекті құжатттарды тіркеу.
7. Сатып алу процесіне қатысу:
Бұл конкурс, аукцион немесе бағалар ұсынысы болуы мүмкін.
8. Келісімшартқа отыру:
Қорытынды хаттамаға сәйкес жеңімпаз деп танылған жағдайда, шартқа ЭЦҚ арқылы қол қою қажет.
Жүйе мемлекеттік сатып алуға тапсырыс беруші, ұйымдастырушы немесе жеткізуші ретінде кез келген интернетке қосылған компьютер арқылы қатысуға мүмкіндік береді.