Гигиеналық құралдарды алу үшін баланың заңды өкілі өтініш беру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) немесе тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне не «egov.kz» веб-порталы арқылы жүгінуі қажет.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің оң шешімінен кейін екі ай ішінде әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушіні таңдауды жүзеге асыру қажет болады.
Жеткізушіні таңдау үшін өтініш беруші http://aleumet.egov.kz порталында электрондық цифрлық қолтаңба арқылы авторизациялануы қажет, қаражатқа тапсырыс дербес жүргізіледі.
Интернет-ресурсқа қолжетімділік болмаған жағдайда, тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өзіне-өзі қызмет көрсету секторына жүгіну қажет.
Мүгедектігі бар адамдар өтініш берілген күннен бастап бір жылға гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіледі: жөргектер - 1460 дана, сіңіргіш парақтар (жаялықтар) 365 дана және жеке абилитация және оңалту бағдарламасына (бұдан әрі – ЖАОБ) сәйкес басқа да құралдар.