Мүгедектігі бар балалар тегін емдік-профилактикалық протездік-ортопедиялық құралдармен (бас ұстағыш, Реклинатор, Бандаж, емдік белбеу, балалардың профилактикалық шалбары, Корсет, қосымша құралдар (ұлтарақ, супинатор) қамтамасыз етіледі.
Егер балаға емдік - профилактикалық протездік-ортопедиялық құралдар қажет болса, сіз медициналық мекемеге баруыңыз керек. Тексеруден кейін, медициналық көрсеткіштер мен баланың жағдайына сүйене отырып, дәрігер осы құралдардың қажеттілігі туралы ұсыныстар жасайды. Әрі қарай оңалтудың жеке бағдарламасы (ОЖБ) әзірленеді.
ОЖБ дайын болғаннан кейін оны әлеуметтік қорғау органдарына тапсыру керек. Құжаттарды әлеуметтік қорғау органдарына тапсырғаннан кейін сіз шешім күтуіңіз керек. Әдетте процесс мыналарды қамтиды: 1 өтінішті қарау, 2 қажетті қаражатқа өтініш беру, 3 қаражат беру мерзімі мен әдісін анықтау.