«ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 Заңның 4-бабында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін пайдалану (белгілеу, орналастыру) қағидаларының 4-тармағында:
- Мемлекеттік Ту басқа ғимараттарда (үй-жайларда) олардың иелерінің қалауы бойынша көтерілуі және орнатылуы мүмкін;
- Мемлекеттік Тудың бейнесі өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін делінген.
Осылайша, заңнамада мемлекеттік туды тұрғын үйлерде және мемлекеттік емес ұйымдар мен жеке тұлғалардың үй-жайларында пайдалануға тыйым салынбайды. Бірақ:
- Мемлекеттік Ту оның мөлшеріне қарамастан ұлттық стандартқа сай болуы тиіс;
- Мемлекеттік Тудың бейнесін қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдардың туларының геральдикалық негізі ретінде пайдалануға болмайды;
- қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдардың тулары Мемлекеттік тумен бірдей бола алмайды.