Протездік-ортопедиялық құралдарға, арнаулы жүріп-тұру құралдарына, сурдотехникалық құралдарға, тифлотехникалық құралдарға, техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдарға өтініш «еGov.kz» порталы арқылы және ХҚКО арқылы, «Е-Собес» ААЖ порталы арқылы беріледі. Өтініш әрбір қаражаттың бекітілген мерзімі бойынша қабылданады немесе уақыт келмесе, өтініш мүгедектігі бар адамға қайтарылады. Мүгедектігі бар адамдарға құжаттарды ресімдеу туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы хабарлама жіберіледі.
Мемлекеттік корпорация өтініш берушіні қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушының абоненттік құрылғысы на смс-хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді.
Өтініш қабылданған жағдайда мүгедектігі бар адам қажетті құрылғыны Aleumet.egov.kz порталында таңдайды және құрылғы оның мекен-жайына 14 күнтізбелік күн ішінде жеткізіледі.