Инватакси қызметі — бұл мүгедектігі бар адамдарға немесе қозғалыс қабілеті шектеулі азаматтарға арналған арнайы такси қызметі.
Инватаки қызметін алу үшін қажетті шарттар:
1) қызметті ұсынатын ұйымды анықтау;
2) мүгедектік туралы куәлік немесе медициналық анықтаманы (комиссия қорытындысын) негізге алып, өтініш беру;
3) қызметті телефон арқылы, интернет арқылы немесе тікелей ұйымның кеңсесіне барып өтініш беру арқылы жүзеге асыруға болады;
4) тапсырыс кезінде сізге қажетті ақпаратты (жол жүру бағыты, уақыт, жолаушылар саны және т.б.) көрсету керек;
5) такси шақырғаннан кейін күту уақыты мен көліктің келу уақытын біліп алу;
6)инватакси көлігінің мүгедектер арбасын көтеруге арналған жабдықтары бар екеніне, яғни, көліктің қолжетімділігіне көз жеткізу;
Таксиге отырғанда, қажет болған жағдайда жүргізушіден көмексұрауға болады. Сонымен қатар, қызмет көрсетілгеннен кейін, егер сізде ұсыныстар немесе шағымдар болса, оларды ұйымға жеткізуіңізге болады.
Егер сізге инватакси қызметі туралы қосымша ақпарат қажет болса, жергілікті әлеуметтік қорғау мекемелеріне хабарласуыңызға болады