Бос жұмыс орындар бойынша ақпаратты «Электрондық еңбек биржасынан» (бұдан әрі – ЭЕБ) алуға болады. Бұл – еңбек нарығының ақпараттық базасы болып табылады және толық көлемде жұмыс істейді, сонымен қатар, (www.enbek.kz) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң болып табылады.
ЭЕБ жұмыс берушілерді персоналды іріктеу мүмкіндігімен, ал жұмыс іздеушілерді жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Күн сайын ЭЕБ базасы жаңа бос орындармен және түйіндемелермен толықтырылып отырады.
ЭЕБ арқылы мынадай қызмет түрлерін алуға болады: түйіндеме мен бос жұмыс орындары базасына онлайн режимде кіру, бос жұмыс орындарын жариялау және түйіндемені тарату, жеке кабинетіңізді тіркеу, ұнаған бос жұмыс орындарына өтініш білдіру және әңгімелесуге шақыру алу, Мансап орталықтарымен таратылған бос жұмыс орындары туралы онлайн ақпаратты қарау, сондай-ақ, кәсіптік бағдарлау тестінен өту және нәтижелері бойынша жұмысты таңдау мүмкіндігі бар.