Атаулы әлеуметтік көмек мынадай жағдайларда тағайындалмайды:
1) отбасының жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен асуы;
2) өтініш берушінің тексеру жүргізуден бас тартуы;
3) адамның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижесінде дайындалған қажеттіліктің болмауы туралы учаскелік комиссияның қорытындысы;
4) отбасының еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартқан күннен бастап алты ай ішінде (бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруы бар адамдарды, үш жасқа дейінгі балаға күтім жасайтын ата-ананың біреуіне, мүгедектігі бар балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда);
5) алушының кінәсінен бұрын жасалған әлеуметтік келісімшартты бұзу немесе әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындамау;
6) көрнеу жалған мәліметтер немесе дұрыс емес құжаттарды – олар ұсынылған күннен бастап алты ай ішінде ұсыну.