Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, азаматтарға тұрғын үй өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмдерде белгiленген кезектілік тəртібімен берiледi.
Аталған Заңға сәйкес, мемлекеттік тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде тұрақты тұратын және халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына:
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
- 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
- денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
- жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
- кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- қандастар;
- экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
- көп балалы отбасылар;
- мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
- толық емес отбасылар, сонымен қатар жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған және мемлекеттік, бюджеттік мекеме қызметкерлері жатады.
Осы санаттардың біріне жатқан жағдайда kezekte.kz сайтына кіріп, ЭЦҚ арқылы өтініш беруге болады.