Тұрғын үй кезегі белгіленген басымдықтарға сәйкес қалыптастырылады, олар мынадай санаттарды қамтиды:
1) көпбалалы отбасылар (оның ішінде "Алтын алқа", "Күміс алқа", I және II дәрежелі "Ана даңқы" немесе "Батыр ана" атағы бар көпбалалы аналар);
2) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, халықтың әлеуметтік осал топтары;
3) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер;
4) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы лауазымдарды атқаратын адамдар;
5) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апатты деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары.
Мемлекеттік қордан алынған тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үйқорынан жергілікті атқарушы органдарға жалға алынған тұрғын үй барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген сәттен бастап тізімдерде белгіленген кезектілік тәртібімен мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға беріледі.