Ауыл шаруашылығы техникаларын қайта тіркеу қандай жағдайларда жүргізіледі?
Ауыл шаруашылығы техникаларына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №4-3/267 Бұйрығына сәйкес, мынадай жағдайларда қайта тіркеу жүргізіледі:
1) меншiк құқығы өзгерген;
2) машиналардың ортақ меншiк құқығы пайда болған, тоқтатылған және ортақ меншiк иелерінің құрамы өзгерген;
3) машина иеленушінің (иесінің) ерік білдіруі бойынша машина иеленушінің (иесінің) тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) өзгерген;
4) машина тіркелген адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегi өзгерген;
5) машинаны қайта жабдықтау немесе нөмірлік агрегаттарын ауыстыру, арнайы жабдық орнату және осыған ұқсас өзге де өзгерістер салдарларынан оның типі өзгерген жағдайларда жүргізіледі.